Ақтөбе облысындағы автогаз құю бекетінде болған қайғылы жағдайдан кейін күдікті қамауға алынды. Кеше...
Петропавлда фельдшерді балағаттаған зейнеткер жазаланды
Фото: freepik
1246
Петропавлда фельдшерге балағат сөз айтқан зейнеткер айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Іс материалдарына сәйкес, фельдшер медициналық есепте тұрған қарияның тұрғылықты жеріне барған.
Қызметтік міндеттерін орындау барысында медицина қызметкеріне пациент тарапынан агрессивті мінез-құлық танытылған.
Ол бөгде адамдардың көзінше фельдшерге балағат сөз айтып, баспалдақ алаңынан шығарып жіберуге тырысқан.
Сот отырысында зейнеткер өз кінәсін мойындады.
Оған 82 572 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.