Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
397

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.

 Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

 Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

 Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Желідегі парақшасында өзін топ еркек зорлап, жүкті еткенін айтқан Наташа Қалымбетова Qasqa Jol YouTu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда күйеуі жас келіншегін сүйіктісінің пәтеріне алдап апарып өлтірді деген күдікке ілінді, де...