Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков бокс федерациясының вице-президен...
Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға сотталуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол апатын тергеу аяқталуға жақын қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Санжар Әділов істің Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқанын еске салды.
«Қазіргі уақытта барлық дерлік тергеу әрекеттері аяқталды, соңғы кешенді автотехникалық сараптама алуды күтеміз. Нәтижелері бойынша айыптау және істі сотқа жіберу туралы шешім қабылдаймыз», - деді ол.
Жол апаты 27 шілде күні болған еді. Toyota Land Cruiser көлігі Алматы-Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында, Ақсүйек ауылының маңында апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметке сүйенсек, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Апат салдарынан 39 және 35 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған болатын. Көлікті Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова басқарған.
Жүргізуші 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.