«Асығыс қорытынды жасамауға шақырамын»: Бақытжан Базарбек жол апаты жайлы алғаш рет айтты

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
137

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек өз қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты әлеуметтік желілерде тараған түрлі болжамдарға байланысты пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты барлық сұраққа жауап беруге және толық ақпарат жариялауға мүмкіндігі жоқ. Себебі ол және жұбайы қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тергеу деректерін жария етпеу туралы қолхат берген.

«Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтілуде. Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін», – деп жазды Бақытжан Базарбек.

Саясаткер қазіргі таңда өзі үшін ең маңыздысы зардап шеккен азамат пен оның жақындарының жанында болып, қажетті көмек көрсету екенін атап өтті. Оның сөзінше, бірнеше күн бойы зардап шеккен азаматтың туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отыр.

Бақытжан Базарбек зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухананың дәрігерлеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғысын білдірді.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі нұсқалар мен алып-қашпа әңгімелер тарап жатқанын айтып, жұртшылықты асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды.

«Осы қиын күндерде алаңдап, қолдау көрсетіп жатқан баршаңызға рахмет!» – деді Бақытжан Базарбек.

Айта кетейік, экс-депутаттың қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Америкалық рэпер Ye (Канье Уэст) Қазақстандағы концертінен түсірілген видеоларды әлеуметтік желідегі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Меркі ауданында 8 айлық сәбиі бар жас келіншектің жұмбақ жағдайда қайтыс болуына қатыс...