Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоят...
“Өзіңе күмәндансаң келіспе деді”. Айшолпан Байтүгел жеке өмірі туралы бар шындықты айтып берді
Фото: инстаграм парақшасынан
Блогер әрі актриса Айшолпан Байтүгел Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жеке өмірі мен шығармашылығы туралы ашық айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Айшолпан “Күзде келген көктем” сериалына қалай шақырылғанын және продюсердің өзі хабарласқанын айтып берді.
“Маған Гүлнұр Мамасарипова хабарласып “Сериал түсіргелі жатырмын, осындай рөл бар, мен сол рөлде сені көріп тұрмын. Сен алып шыға аласың. Бірақ ол жерде актерлік ойын керек. Өзіңе күмәндансаң келіспе деді. Мен ойландым. Бірден иә-иә деп жауап бердім. Қолымнан келеді дедім”, - деп айтқан актриса.
Айшолпан бұл сериалға барынша дайындалған. Мұғалім іздеп, курсқа барып, 12 шақты кейіпкеріне байланысты кинолар да көргенін жасырмады.
“1 жарым айдай уақытым болды дайындалуға. Қатты қорықтым. Өйткені сөгуі мүмкін. Қанша адам көреді оны. Ол обычный рөл емес. Ауру баланың рөлі. Жан-жағымда туысқандарымның арасында ондай бала жоқ. Маған өте қиын болды, бірақ мен келістім. Менің рөлімдегі кейіпкердің ауруымен ауыратын адамдар туралы 12 шақты кино көрдім”, - дейді Айшолпан Байтүгел.
Сондай-ақ актриса жазылған пікірлерді мүлдем оқымайтынын, жүрекке қатты қабылдайтынын да айтты.
“Мен комментарий оқуға қорқамын. Шынымды айтсам, мүлдем оқымаймын. Өйткені мен ондай нәрселерді жүрекке қатты қабылдаймын”.