Зейнетақы төлемдері енді қалай есептеледі

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
676

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысына сәйкес есептейді. Бұл қаулыға сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әдістемеге сәйкес, зейнетке шыққан азаматтарға берілетін ай сайынғы төлем алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының 6,5%-ы негізінде есептеліп, 12-ге бөлінеді. Ал келесі жылдары төлемдер зейнетақы төлемдерін индексациялау коэффициенті – 5% мөлшерінде ұлғаяды, - делінген қордың жауабында.

Сонымен қатар төлем көлемі республикалық бюджет заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (КД) кемінде 70%-ын құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 46 228 теңге болып белгіленген.

Арнайы санаттағы азаматтар үшін төлем көлемін арттыратын түзету коэффициенттері қарастырылған. Оларға:

  • 1 немесе 2 топтағы мүгедектер;
  • Зиянды және қауіпті өндірістерде еңбек етіп, зейнет жасына жеткен және кемінде 60 ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар кіреді.

Егер бір зейнеткер осы шарттардың бірнешеуіне сәйкес келсе, ең үлкен түзету коэффициенті қолданылады.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер жеке зейнетақы шотындағы қаражат таусылғанға дейін төленеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...