Петропавлда жастар ұлы ақындардың ескерткішіне мініп, боқ ауыз сөздер айтқан

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2716

Петропавлда полицейлер ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінген құқық бұзушыларды ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

1 қаңтар күні кешке Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін байқап қалған.

Олар әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түсіп жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, жастар бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен. Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады.

Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...