Қасым Жомарт Тоқаев Армения президенті Ваагн Хачатурянды қарсы алды

Сурет: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
2971

Президент Қасыс Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурянды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлады madeniportal.kz Ақорданың телеграм каналына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.