Алматы облысының Талғар ауданында үш мектеп оқушысы суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жалқамыс ауылы м...
Құрылтай сайлауында 2,2 миллионнан астам адам дауыс берді
Фото: gov.kz
Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауында сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 264 411 азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
ОСК-ның алдын ала мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 17,96 пайызды құраған. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 605 788 адам енгізілген.
Өңірлер арасында ең жоғары белсенділік әзірге Қызылорда облысында тіркелді – 22,91 пайыз. Одан кейін Қарағанды облысы – 21,06 пайыз, Жетісу облысы – 20,87 пайыз. Шымкент пен Түркістан облысында бұл көрсеткіш 20,39 пайыз болды.
Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында байқалды – 9,96 пайыз. Астанада сайлаушылардың 17,01 пайызы дауыс берген.
Өзге өңірлердегі көрсеткіштер:
- Ақтөбе облысы – 20,28%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 19,93%;
- Ұлытау облысы – 19,41%;
- Ақмола облысы – 18,91%;
- Атырау облысы – 18,75%;
- Жамбыл облысы – 18,25%;
- Батыс Қазақстан облысы – 17,97%;
- Қостанай облысы – 17,92%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 17,52%;
- Абай облысы – 17,35%;
- Алматы облысы – 17,19%;
- Маңғыстау облысы – 16,92%;
- Павлодар облысы – 15,98%.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.