Солтүстік пен батыста жаңбыр: 16 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
125

Қазақстан қалаларында 16 тамыздағы ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жаңбыр елдің орталығы мен шығысында да күтіледі. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн ыстық болып, негізінен жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +37...+39°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +27...+29°C.

Атырауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +28...+30°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +23...+25°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +34...+36°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +18...+20°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +33...+35°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы және желдің күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +33...+37°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +37...+39°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіндейді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +34...+36°C.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жол апатынан 77 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев ағылшынның «Бернли» клубына жалға ауысқаннан кейінг...