Пойызда мас күйде әйелге тиіскен жайдарманшы айыппұл арқалады

Фото: Stan.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
775

Ол Ақылбек Скендіров. Жайдарманшы Қызылорда-Павлодар бағытындағы пойызда шу шығарғаны үшін 86 500 теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот отырысында ол кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот бұл әрекетті ұсақ бұзақылық деп таныды.

Кейін жайдарманшы өзі желідегі парақшасында видео жариялады. Ол: “Басылды ма? Шыға берейін бе? Қатемді кешіріңдер” деп жазды.

Желі қолданушылары оның бұл әрекетін әбден сынап тастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана – Павлодар тасжолында болған ауыр жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған 20 жастағы с...