Польшаның Қазақстандағы елшісі: “Қазақ тілін білу – мен үшін үлкен қуаныш”
Фото: MadeniPortal.kz
1379
Бүгін таңертең Астананың Ботаникалық бағында ерекше атмосфера орнады: жүздеген адам Польша Тәуелсіздік күніне арналған “Dostyq Run 2025” халықаралық жүгіру марафонына қатысты. Салқын ауа райы да көңілділікті бәсеңдетпей, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен стартқа тұрды. Бұл шараның мақсаты – спорт арқылы халықтар арасындағы достықты нығайту, мәдени және дипломатиялық байланыстарды көрсету, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Марафон қатысушылары 2,5 және 5 км қашықтықта жарысты. Олар қатарында қала тұрғындары, дипломаттар және басқа елдердің елшілері бар екені көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Спорттық жарыс тек физикалық дайындықты сынау емес, сонымен қатар жаңа достық байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.