Жол ережесін 10 рет бұзған жүргізушілер емтиханды қайтадан тапсыратын болады

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
98

Депутат жүргізушілерге сынақ мерзімін енгізуді ұсынды. Бұған жауап ретінде премьер-министрі заңға енгізілген жаңа түзетулерді тізіп берді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

Авто мектептерге бақылауды күшейту және жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімін енгізу туралы ұсынысты сенатор Марат Қожаев айтты. Ол Қазақстанда жолдағы қауіпсіздіктің төмен болуы бір жағынан жүргізушілердің дайындығы төмен болуымен байланысты екенін айтты. 

Депутаттық сауалға жауап ретінде премьер-министр мәжілісте жүргізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобалары қолға алынғанын еске салды.

Мысалы, түзетулердің бірі бойынша, бір күнтізбелік жыл ішінде 10 және одан да көп жол ережесін бұзған азамат қайтадан жол қозғалысы ережелері бойынша емтихан тапсыруға міндеттеледі. Тексеру кезеңінде оның көлік жүргізуіне тыйым салынады.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте қай баптар бойынша жүргізушіні қайта емтихан тапсыруға жіберуге болатынына қатысты тізім кеңейтіледі.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде 10 және одан да көп рет ереже бұзған жүргізушілер үшін әкімшілік өндірістің қысқартылған тәртібі (50% жеңілдікпен айыппұл төлеу) алып тасталады. 

PESTEL

Кремль АҚШ-тың Украинамен 30 күндік бітімгершілігі еш нәтиже бермейтінін айтты, деп хабарлайды ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеті жастағы қазақстандық қыз TikTok-тан қорқынышты видео көріп, ақыл-есін жоғалтып алған, деп хаб...