Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-эксперттік кеңесінің (ҚХА ҒЭК) кеңейтілген отырысы ө...
Премьер-министр Украинадағы ушыққан жағдайға қатысты шұғыл жиын өткізді
Фото: Үкімет
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты президент берген тапсырмаларды орындау бойынша шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Олжас Бектенов қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.
Жиын барысында премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.