Президент Абай Құнанбайұлының тойына жиналған жұртты құттықтады

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1136

 

Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

«Қадірлі қауым! Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын.

Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті.

Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында.

Бұл өңір – Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке. Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді.

Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық.

Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...