Танымал режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан неге кетіп қалғанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL....
Дәрігерлерге қатысты жаңа заң қабылдануы мүмкін: депутат маңызды ұсыныс айтты
Құрылтайдан
Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Дана Медеуова медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін күшейту мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Депутаттың айтуынша, пандемия денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмекке ғана емес, ең алдымен білікті медицина кадрларына тәуелді екенін көрсетті. Сондықтан дәрігер мәртебесін көтеру әлеуметтік мәселе ғана емес, елдің биологиялық және ұлттық қауіпсіздігімен тікелей байланысты.
Дана Медеуова медицина саласында еңбекақы төлеудің икемді жүйесін қалыптастыру қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, жалақы дәрігердің біліктілігі мен кәсіби деңгейін ескеруі керек. Сонымен бірге медицина қызметкерлерін кәсібіне қатысы жоқ бюрократиялық міндеттер мен шамадан тыс есептіліктен босату қажет.
«Дәрігер есеп-қисаптың шексіз құжатын толтырмай, науқасты емдеуі керек», – деді депутат.
Сондай-ақ депутат «дәрігер» атауын заңмен қорғауды ұсынды. Яғни бұл атаудың артында медициналық білім, расталған біліктілік және кәсіби қызметпен айналысу құқығы болуы тиіс.
Депутат медицина саласындағы кадр тапшылығына объективті баға беріп, жаңа мамандарды тартумен қатар, қазір жұмыс істеп жүрген білікті дәрігерлерді жүйеде сақтап қалуға басымдық беру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, бір білікті дәрігерді даярлауға кемінде он жыл қажет.
Бұдан бөлек, ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген төтенше жағдайларда дәрігерлердің жедел әрі дербес кәсіби шешім қабылдауына мүмкіндік беретін нақты өкілеттіктер мен құқықтық кепілдіктер қарастырылуы керек.
Осы мәселелерді кешенді шешу үшін Дана Медеуова «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық ететінін мәлімдеді.
«Біздің міндетіміз – дәрігерлердің төмен жалақыға байланысты мамандығын тастап кетпеуіне жағдай жасау. Білімі мен тәжірибесі ел игілігіне қызмет етуі үшін олардың еңбегін лайықты бағалауымыз керек», – деді депутат.