Ассамблеяның бүгінгі жиыны ерекше өтті. Қазақ тіліне деген бетбұрыс айқын аңғарылып тұрды.Мәселен, S...
"ҚазМұнайГазға" жарты миллиард теңге айыппұл салынды
Фотосурет ашық дереккөзден
"ҚазМұнайГаз" АҚ-ға мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін 500 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы madeniportal.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қатысты 2023 жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. "Тексеру қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды Осылайша акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, департамент Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша Акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғады", - делінген Агенттік хабарламасында. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса айыппұл толық көлемде төленгені хабарланды.