Астана қаласында 1 маусым күні есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық вел...
Президент Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды
3084
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды, – деп хабарлайды madeniportal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады, – деп жазды Ақорда.
Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.