Қазақстанда 2011 жылдан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарлама...
Астана тұрғыны Бәйтерек маңындағы даулы фотосы үшін бес тәулікке қамауға алынды
ашық дереккөз
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Қ.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасау дерегі бойынша істі қарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сот анықтағандай, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Қ.-ның Бәйтерек монументі маңында әдепсіз фотоға түсіп, оны интернетке жариялағаны белгілі болған. Осы арқылы ол қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
«Құқық бұзушының әрекеті “Бәйтерек” монументін пайдалана отырып, әдепсіз визуалды ишара жасаудан көрінді. Бұл қоғамға деген ашық құрметсіздікті және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзуды білдіреді», – делінген сот хабарламасында.
Сот отырысында Қ. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.
Сот қаулысымен Қ. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.