“84 адам суда қалды”: 9 адам қайғылы жағдайда жан тапсырды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2252

Қытайда қатты жел салдарынан қайықтар төңкеріліп, кем дегенде 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Цзянси қаласында төрт қайықтың аударылуынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты.

Оқиға 4 мамырда Гуйчжоу провинциясындағы өзенде болды. Қатты жел қайықтарды аударып жіберді, 84 адам суда қалды. Тоғыз адам қайтыс болғаны туралы әзірге белгілі, бір адам хабар-ошарсыз кетті. Зардап шеккендердің 70-і ауруханаға жеткізілді.

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Оларға жарты мыңға жуық құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлер көмектесуде.

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың құдалығынан видеолар тарап, ак...

ӘДЕБИЕТ

Ештеңе өнген жоқ Салман Рушди (алғашқы есім-сойы Ахмед Салман Рушди Ahmed Salman Rushdi...