Азамат Есқараев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.