AZAL ұшағы апатынан қаза тапқандарға арналған ән шықты

Сурет: Азамат Сәрсенбаев

ЖАҢАЛЫҚТАР
2515

Қазақстандықтар Ақтау маңында Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатынан қаза тапқандарға арнап ән жазды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Қазақстандықтар шығарған "Теңіз-жүрек" ("Море сердца") әні мыңдаған адамның жүрегін елжіреткен. Бұл ән трагедиялық әуе апатында қаза тапқандарды еске алуға арналып, қазақ және әзербайжан тілдерінде орындалды. Композиция халықтар арасындағы бірлік пен шынайы достықтың символына айналды.

Бұл туынды бауырлас халықтың ыстық ықыласына бөленген тәрізді.

"Рахмет, Қазақстан!", "Баршаға бейбітшілік", "Рахмет, бауырлар!", "Қаза тапқандарға біз де көңіл айтамыз", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Әннің музыкасын Ренат Гайсин жазса, сөздерін Данияр Алдаберген мен Эльмира Дехгани жазған. Әнді орындаған Ренат Гайсиннің өзі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...