Өткен тәулікте Атырау облысында Жайық өзенінің арнасында су деңгейінің көтерілуіне байланы...
Маңғыстау тұрғыны бұрынғы күйеуінен өзіне де алимент алатын болды
Фото: Shutterstock/FOTODOM
Маңғыстау облысында декреттік демалыста болған кезеңде бұрынғы жұбайынан өзіне алимент төлеуді талап еткен әйелдің арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Сот мәліметінше, талапкер О. бұрынғы жұбайы Ж.-дан 2022 және 2023 жылы туған екі кішкентай баласы үш жасқа толғанша, өзіне алимент төлеуді сұраған. Әйел алимент мөлшерін 80 АЕК, яғни шамамен 320 мың теңге көлемінде белгілеуді талап еткен.
«Сот отырысында анықталғандай, жауапкер Ж. 2022 және 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балаларының әкесі бола тұра, өз отбасын, балаларын материалдық жағынан лайықты қамтамасыз етпеген. Бірінші сатыдағы сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды», - деп хабарлады сот өкілдері.
Сот шешіміне сәйкес, жауапкер бұрынғы жұбайына ай сайын 15 АЕК көлемінде (58 980 теңге) алимент төлеуге міндеттелді. Шешім заңды күшіне енді.