Ақтауда тегін балмұздақ таратқан шарада балалар адасып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Ақорда
403
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге және басқа да құрылымдарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді",- делінген хабарламада.