Атақты Том Круз 63 жасында алғаш рет «Оскар» сыйлығын алды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
334

Лос-Анджелесте актер Том Крузқа алғаш рет құрметті «Оскар» сыйлығы табыс етілді. Оған бұл марапат 16 қарашада Governor Awards салтанатты кешінде берілді, деп хабарлайды МadeniPortal.kz .

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

40 жылдан астам мансабында Круз төрт рет номинацияға ұсынылды, бірақ бірде-бір рет жеңімпаз болмаған.

Бұған дейін үздік актер, продюсер ретінде марапарттарға ие болған. 

Құрметті «Оскар» сыйлығы ең беделді марапаттардың бірі. Бұған дейін оны Чарли Чаплин, Джуди Гарленд, Федерико Феллини, Фрэнсис Форд Коппола және Спайк Ли сияқты тұлғалар алған. Енді бұл тізімге Том Круз та қосылды. Голливудта актерды «киноның құтқарушысы» деп атайды, өйткені ол дүниежүзілік пандемиядан кейін кинотеатрларға көрермендерді қайта тартуға үлкен үлес қосқан.

Круз тек рөлдерімен ғана емес, «Миссия невыполнима» сериясындағы қауіпті трюктерімен және Стэнли Кубрик пен Пол Томас Андерсон сияқты культ режиссерлермен жұмыс жасағанымен де әйгілі болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы Елдос Тоқтарбай Конституциядағы орыс тіліне қатысты норманы алып тастауды ұсынды, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздеу жұм...