«Дядя Дональдтан» жалынды сәлем!»: Депутат ЛГБТ насихатшыларына тағы дүрсе қойды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
77

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин АҚШ президенті Дональд Трамптың ер мен әйел жынысына қатысты мәлімдемесінен кейін Қазақстандағы ЛГБТ насихатшыларына қатысты заң нормаларын енгізу мәселесін көтерді, деп хабарлады madeniportal.kz Malim.kz-ке сілтеме жасап.

Депутаттың сөзіне Дональд Трамптың инаугурацияда айтқан АҚШ-тың бұдан былай екі жынысты ғана мойындайтын сөзі негіз болған.

Бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық «Батысты» өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекелерге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем!, дейді депутат.

АҚШ президентінің шешімі Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасқанын айтады. Өйткені «ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп», Үкіметке бірнеше нақты депутаттық сауал жолданғанын мысал етті.

Оған қоса, ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірлеген. Алайда оған кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдіргенін қынжыла айтады.

Тіпті, ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріме және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жалпы қоғам бізді қолдап E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын білеміз, дейді Жаңбыршин.

Сондықтан, Үкіметке тез арада қолға алуға тиіс шараларды тізіп берді.

Бірінші, жоғарыда аталған петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек.

Екінші, соған сәйкес шараларды бірігіп қарастыру қажет деп санайды.

Үшінші, ЛГБТ-ны қолдап, Мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалау қажет.

Қоғам

Ол 3 ай ішінде 60 мың доллар жинап үлгерген, деп хабарлады  madeniportal.kz inbusiness.kz сайты...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі парақшасында әнші Димаш Құдайберген туралы әсерлі жазба жариял...