Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы мен өмірі биыл ерекше назарда. Мейрейтой аясында Ақкөлде А...
БҚО-да су тасқыны болуы мүмкін
Фото: Азаттық рухы
1836
Батыс Қазақстан облысында күннің күрт жылынып, қардың қарқынды еруіне орай ескерту жарияланды. «ҚазГидроМет» мамандары ертеңнен бастап Орал қаласы мен 8 ауданда ауа температурасы түнде де жоғарылайды деп болжап отыр. Бұл қарғын судың ағыны күшейіп, өзендерде мұз қабатының жұқаруына және су деңгейінің көтерілуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Madeniportal.kz.
Сондықтан қала мен ауыл-аймақта қар шығарып, еріген қар суын сорғызып жатыр. Шаһарда бұл іске 300-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Коммуналдық қызмет екі ауысымда тәулік бойы жұмыс істеуде.
Бүгіннен бастап қалалық штабтың байланыс желісі іске қосылды.