Қазақстанда жүргізуші куәлігіне өзгеріс енгізіледі

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1197

Ішкі істер министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу үшін енді қазақстандық жүргізушілер куәлігіне чип қойылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Ішкі істер министрлігі көлік құралын тіркеу куәлігі мен жүргізуші куәлігінің формалары мен үлгілеріне қатысты ведомство басшысының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобаның мақсаты – жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігінің бланктерінен электронды чипті алып тастау. Жоба авторларының айтуынша, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді. Ал қазіргі кезде олардың функцияларын мемлекеттік деректер базасы мен ақпараттық жүйелер толық қамтамасыз етіп отыр.

Құжатта атап өтілгендей, чиптен бас тарту бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бангкоктан келген рейстен кейін Алматы әуежайында каннабис сығындысы салынған екі чемодан анықталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық домбыра күніне орай Атыраудағы «Сұлтан Бейбарыс» алаңында ауқымды мерекелік іс-ша...