Қызын ұзатқан Наркенже Серікбаева өзіне айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Президент: «Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс»
Фото: Ақорда
Президент бүгінгі халықаралық форумда «Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс» деп атап өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқае бүгінгі форумда жасанды интеллектің маңыздылығы мен оны дамытуға жұмыс істейтін мамандарды даярлауға күш салуымыз керек екенін айтып өтті.
"Жаһандық өркениеттің келбетін өзгертетін басты күш ретінде жасанды интеллект бүгінде адамзат өмірінің мәнін қайта саралауға мәжбүрлеп отыр. Бұл – баршамызға үлкен сынақ. Сондықтан біз инженерлер мен басқа да кәсіп иелерін, сондай-ақ осы технологияның мәні мен даму беталысын пайымдай алатын гуманитарлық сала мамандарының жаңа буынын тәрбиелеп шығаруымыз керек".
Сондай-ақ, заманның қарқынды дамуына үлкен үлес қосып отырған технологиялар кері ықпал етпеуіне де алдын-ала шаралар қолдану керектігін айтты.
"Жасанды интеллектіде түрлі қоғамның болмыс-бітімі, дәстүрі, құқықтық нормалары мен адамгершілік қағидалары көрініс табуға тиіс. Сондықтан оны дамытуға философтар, әлеуметтанушылар және заңгерлердің атсалысатынына сенімдімін. Технология әлеуметтік теңсіздікті ушықтырмауы, азаматтардың мінез-құлқы мен таңдауына манипуляция жасамауы керек. Ол үшін тиімді шаралар қабылдауымыз қажет".
Айта кетейік, президент бұл жаңа заман технологиялары іріктеліп емес, барша адамға бірдей қызмет етуге тиіс екенін де атап өтті.
"Артықшылыққа ие топтар алгоритмдерді пайдаланып, әлдебір құндылықтар мен ойлау моделін қоғамға таңуы ықтимал. Оған жол беруге болмайды. Бұл әлемнің мәдени әралуандығына қиянат жасау болып саналады. Технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс. Әділ шешімі осы".