Курчатов қаласы Ертісті ластап жатыр - депутаттар

Ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
554

Абай облысына қарасты Курчатов қаласының кәріз қалдығы Ертіске құйылып жатыр. Бұл туралы Павлодар облысы Май ауданының депутаттары дабыл қағып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәріз суының Ертіс өзеніне құйылып жатқан тұсында Ақжар ауылы орналасқан.

"Кәріз жүйесі жергілікті Курчатов cу арнасы мемлекеттік мекемесіне тиесілі. Жергілікті тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне қарағанда, ол әбден шіріген. Жердің астындағы бөлігі жарылып, содан су кетіп жатыр. Жоспардан тыс тексеріс тағайындалып, жұмыстар жүргізіледі. Заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілді және де заң аясында тиісті шара қабылданады", - дейді Абай облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Оралхан Әуезбеков.

Айта кетейік, Ертіс - үш мемлекеттің аумағымен өтетін трансшекаралық өзен. Еліміздің үш бірдей облысын айтпағанда "Сәтбаев арнасы" арқылы Екібастұз, Қарағанды, Теміртау және Астана қалаларның тұрғындары тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отыр.

Жаңалықтар

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азама...

Жаңалықтар

Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандард...