Президент: Зорлық-зомбылыққа, әлімжетікке, яғни буллингке, қатігездік пен озбырлыққа мүлде жол берілмеуі керек

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1455

Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Соңғы екі жылда өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, кәмелет жасына толмағандарға қатысты жасалған кез келген зорлық-зомбылық үшін берілетін жаза қатайды, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің құзіреті кеңейді»,-деді Мемлекет басшысы.

Президент балалар арасындағы суицидтің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Еліміздегі барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды.

Жаңа оқу жылынан бастап мектептер мен колледждерде әлімжеттікке, буллингке қарсы «ДосболLIKE» атты бағдарлама іске қосылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызды екі жыл бойы зорлап, қорқытып кел...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділер фестивалінде 70 жастағы ап...