Жамбылдық ер адам өзін 34 жылдан бері үйленгенін білмеген

ашық дерекөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
757

Жамбыл облысының тұрғыны күтпеген жерден 34 жыл бұрын қысқа уақыт кездескен әйелге үйленген болып шыққанын білді. Ол бұл некені жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Іс материалдарына сәйкес, 1991 жылы ер адам отбасын құруды жоспарлаған қызбен кездескен. Алайда қарым-қатынастары жараспай, төрт айдан кейін айырылысып кеткен. Олар некені тіркеу үшін АХАТ органдарына жүгінбеген, ешқандай құжатқа қол қоймаған және неке туралы куәлік те алмаған.

Әрқайсысы өз жолымен кеткен: 1994 жылы бұрынғы сүйіктісі басқа адамға заңды түрде тұрмысқа шыққан, ал ер адамның өзі де 2021 жылы отбасын құрған.

Алайда 2025 жылы ер адам банктің қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен 1991 жылы тіркелген неке туралы мәліметті көрген. Оны күшін жою үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Істі қарау барысында сот қызықты жайтты анықтады: неке туралы актілік жазбадағы қолтаңбалар талапкерге де, жауапкерге де тиесілі емес, оларды үшінші адам қойған. Сонымен қатар, сол жылғы азаматтық хал актілерін тіркеу кітабының түпнұсқасы сақтау мерзімі өтіп кеткендіктен бұрыннан жойылып кеткен.

Сотта талапкердің жақын досы мен көршісі де куә ретінде жауап беріп, оның некені тіркеуге қатыспағанын және ешқандай құжатқа қол қоймағанын растаған. Іске үшінші тұлға ретінде тартылған АХАТ органының өкілі сот отырысына келмеген.

Нәтижесінде сот 1991 жылғы неке тіркеуі заңды өрескел бұза отырып жүргізілген деген қорытындыға келді: тараптар некені рәсімдеу кезінде жеке қатыспаған, ал заңнамада мұндай «қашықтан неке» қарастырылмаған. Актілік жазба жарамсыз деп танылды.

PESTEL

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 7 наурызда Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жаса...

ЖАҢАЛЫҚТАР

7 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енді....