Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара жабылады

ҚР ҚМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
3326

ҚХР-да «Айдаhар-қайықтар» мерекесін тойлауға байланысты  2024 жылғы 10 маусымында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Мәдениет порталы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, делінген хабарламада.