«Қайрат Нұртас өмірімді өзгертті»: Жас актердың алғысы желіде тарады

дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
361

Танымал қызылордалық блогер әрі актер Азамат Тұрсынбай әлеуметтік желі арқылы Қайрат Нұртасқа алғысын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Актер өзінің қиын шақтарында танымал әншіден млн теңге ұтып алғанын жеткізді.

"Қайрат Нұртасқа рахмет айтқым келеді. Неге дейсіздер ғой. 2019 жылдары Қайрат Нұртас "Сүйген қалам" деген ән шығарады. Ал мен сол жылдары вайн түсірt бастағанмын. Ол кезде қолданушылар саны төрт мыңнан аспайды. Сына бастаймын ғой сол кезде. Туысқандар күліп, блогерлікті тастаймын-ау деп жүргенмін. Бір күні Қайрат Нұртас "Сүйген қалам" деген әніне кімде-кім ролик түсіріп жарияласа, жеңімпазға млн теңге беретінін айтты. Қызылордада ескі телефонмен вайн түсіріп жүрген адамммын ғой. Мен де сол роликті түсіріп көріп, жариялайтын хештегін жазып қарасам, көбінесе көп адаммен және дронмен түсірілген видеолар екен. Адамдар жиналып қалады да, Қарағанды GGG деп шығады. Астанадағылар рэп айтып кетеді жаңағы "Сүйген қалам" деген әнге. Ал менің ролигім болса, жай Қызылордада не бар солардың фонына барып, Қайрат Нұртастың биін билеп тұрдым. Бишара құсап. Аяғымда етік. Монтаж да дұрыс емес. Түсінгенім менің видеом онша өтпейтінін түсіндім. Бір күні қыста универде келе жатып конкурстың нәтижесін көрейін десем, телефоным да аязға қатып қала беретін. Дәл тікелей эфир басталғанда менің телефоным жалп етіп сөнеді. Үйге келіп, асықпай телефонымда зарядтап, тамағымды ішіп қайта айналып келіп  телефонымды қоссам, түрлі хабарламалар келіп жатты. Парақшама кірсем жиырма мың қолданушы", - деді Азамат Тұрсынбай.

Актер күтпеген жерден танымалдылыққа ие болғанын айтты.

"Сөйтсем, Қайрат Нұртастың конкурсы аяқталып қойған. Мен жеңгенімді кеш білдім. Ол кісі Мальдив аралдарында жатып, осы баланың видеосы қарапайым, осыған берейікші деген екен.  Сол кезде мені аяды ма , әлде үстімдегі куртканың ескі екенін көрді ме түрім сәл бишаралау болды ма әйтеуір бірінші орынды маған берген екен. Қызылордалықтар түгел маған тіркеліп, жарайсың қаламыздың атын шығардың деп жатты. Қалама және Қайрат Нұртасқа ерекше алғысымды айтамын", - деді актер.

Айта кетейік, Азамат Тұрсынбай жас актер әрі "Сыныптас" веб-сериалының автор-сценаристі.