Жүрсін Ерманға бір топ ақындар көлік мінгізді

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
840

Ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағына ие болды. Оның мерейтойында ақындар көлік сыйлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жүрсін Ерман 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған.   

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жанартау» 1983 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, С.Сейфуллиннің 100 жылдығына арналып өткізілген республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Ұлытау ауданының құрметті азаматы.

Жүрсін Ерман 75 жасқа толды. Соңғы жылдары ақынның жағдайы нашарлап, Швецарияда емделіп қайтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...