Француз прокурорлары актер Жерар Депардьенің ісі бойынша шартты мерзім мен айыппұл сұрады, деп хабар...
Қайрат Түнтеков алғаш рет отбасы жайлы сөз етті
ашық дереккөз
881
Қайрат Түнтеков Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында сұхбат беріп, жеке өмірі мен отбасы туралы бұрын көп айта бермеген жайттарды бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер иесі отбасы тақырыбын әдейі жария етпейтінін жасырмады.
Оның айтуынша, бұған себеп – тіл-көзден сақтану. Әнші мұндай жағдайды өз басынан өткергенін де айтты. «Отбасымды көрсеткім келмейді. Себебі тіл-көз тию дегенге сенемін. Өзім де сондай жағдайды бастан өткердім. Тіпті орнымнан тұра алмай қалған кездер болды, ертесіне жүруге шамам жетпеді», – деді ол.
Қайрат Түнтеков сұхбат барысында жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстауды жөн көретінін меңзеп, бұл шешімін саналы түрде қабылдағанын аңғартты.