Шымкентте ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған сарбаз көпшілікті сүйсінтті

Фото: Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

ЖАҢАЛЫҚТАР
2157

Шымкентте әскерге шақырылған сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ерекше оқиға туралы Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді. 

18 қаңтарда ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланына қарасты 6506 әскери бөлімінің 400-ге жуық жас сарбазы әскери ант қабылдады.

Рәсімнен кейін көпшілік алдында Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Руслан Андреев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Салтанатты шараға жиналған мыңға жуық адам романтикалық оқиғаның куәсі болды.

Салтанатты шараға Русланның ата-анасы да келген, олар ұлдарының ниеті туралы алдын ала білгендерін және шешімін қолдайтындарын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...