"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы мәліметті...
Қала салып, Марсты отарлау
Біз жершарын ойлап жатқанда, Илон Маск сияқты миллиардерлер марсқа қала салуды, өркениет құруды, қызыл марсты жасыл марсқа айналдыруды ойлап жатыр. Ғарышта қала салу – айта салғанға оңай болғанымен, оның өте қиын тұстары бар.
Бірінші, марс өте алыста орналасқан. Қазіргі технологиямен жасалған зымрандар 6 айда әрең жетеді. Қайтып келуімен 12 ай керек. Егер марсқа қала салынып, досыңыз сонда тұрып жатса, онда оған уатсаптан хабар жіберу үшін 3 минут керек. Досыңз сізге жауап қайтарса, 6 минут уақытыңыз кетеді. Сіз енді видеоқоңырау жасаудың қандай боларын ойлай беріңіз.
Екінші, марс өте суық. Температурасы орташа минус 60 градус, қатты суытқанда минус 143 градусқа дейін түседі. Илон Маск марсты жылытудың бірнеше жолдарын айтады. Оның бірі 10,000 термоядролық қарулармен марстың полюстарын жару. Сөйтіп, ол жарылғанда марс қызады, мұздықтар ериді. Көмір қышқыл газдар бөлінеді, жұп-жұқа марстың атмосферасын қалыңдатады, жылу сақталады. Сөйтіп, бірте-бірте өсімдік өсіп, марс жасылдана түспек.
Бұл марсты жылытудың ең тез жолы. Бірақ NASA қазргі технологиямен марсты бомбалап жылыту мүмкін емес дейді. Илон Маск тағы бірнеше жолдарын да ұсынды. Парниктік газдарын жеткілікті жіберсек, марс бірте-бірте қызады, полюстарындағы мұздары еріп, мұхитқа айналады. Топырақтары босап, химиялық заттар оттегіге бөлініп, өсімдіктер өсуіне жағдай жасалмақ. Енді тағы бірі – мыңдаған жасанды серікпен күн нұрын шағылыстырып, марысты жылыту. Бұл ұзақтау уақыт алады.
Үшінші қиындық, алғаш сапар шеккен адамдар өліп кетуі мүмкін. Оны Илон Маск те мойындайды.
Төртінші, ең қиын жағдай – тұрғын үй салу. Адамның денесі жеңіл салмаққа үйрену керек. Одан да қиыны қала салуға 100 неше миллиард доллардан 10 триллион долларға дейін қаржы кетуі мүмкін.
Илон Маск марсты отарлау үшін Starship атты жұлдызаралық зымыран жасап жатыр. Бір зымыран әр жолы 100 адамнан апарса, 1000 зымыран 100,000 адамды жеткізбек.
Марсқа қала салып отарлап, өркениет құрған кезде марстықтар және жершарындықтар болып бөлінеміз.
Егер адамзат талпынса, неге марсқа қала салмасқа? Сіз онда «қала салынады» дегенге сенесіз бе?
Мынау марс туралы қысқаша ақпарат:
Марс күннен орташа есеппен 228 миллион километр алыстағы планета. 2 серігі бар. Марстағы тәулік 24 сағаттан асады, күнді 687 күнде айналып шығады. Атмосферасында мөлшермен 96% көмірқышқыл газы және азырақ аргон мен азот газы бар. Аз мөлшерде оттегі мен су буы бар, т.б .
Температурасы 35 ℃ ~ -143 ℃
Ауырлық күші жершаынан 2.6 есе аз.
Күнді айналу жылдамдығы секундына 24 километр, ал өз өсінде экваторды айналуы мөлшермен секундына 241 метр. Орташа радиусы мөлшермен 3389 километр.
«Ғылым – күш» парақшасынан