Көлікті мас күйде жүргізген қазақстандыққа жүргізуші куәлігі берілмейді

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

ЖАҢАЛЫҚТАР
2451

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда көлікті мас күйде жүргізген адамдарға жүргізуші куәлігі берілмейтінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Аталған заң жобасын Сенат мақұлдады.

Министрдің орынбасары заңдағы жаңа норманы түсіндірді. 

"Жүргізуші куәлігі жоқ адам туралы айтайын. Мысалы, ол мас күйде әкесінің көлігіне отырды дейік. Біз оны ұстаймыз. Соттың үкімімен күдікті 20 тәулікке қамауға алынады. Оның жүргізуші куәлігі жоқ, ол одан айырылмайды.

Ертең ол ХҚКО-ға барып, жүргізуші куәлігін алып, 3 айдан соң көлікті басқара алады. Бұл әділетті емес. Сондықтан ол заң бойынша 7 жыл жүргізуші куәлігіне тапсыра алмайды", - деді Игорь Лепеха. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...