«Қаламызды ластауға жол бермейміз!» – белсенділер Қостанайда жолды жапты

MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
110

Antitrash азаматтық науқаны Қостанай аумағында рейд жүргізіп, рұқсат етілмеген құрылыс қалдықтары үйіндісін анықтады. Белсенділер оқиға орнында сынған кірпіш, бетон плиталарының сынықтары, шашылған арматура және ашық аумаққа құрылыс қалдықтарын тұрақты түрде төккен техниканы тіркеген.

Бір аптадан кейін қалдықтардың шығарылмай, керісінше жақын маңдағы су айдынына көмілгені белгілі болған. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер топырақ пен судың ластануына әкеліп, ұзақ мерзімді экологиялық қауіп төндіреді.

Кадастрлық деректерге сәйкес, қоқыс төгілген жер телімі АЯЗ ЖШС-не тиесілі.

Осыған байланысты Жаңа адамдар қозғалысының өкілдері «Қаламызды ластауға жол бермейміз!» деген жазуы бар блокпост орнатып, қоқыс үйіндісіне апаратын жолды жапты. Оқиға орнына келген компания өкілі бастапқыда ұйымның бұл аумаққа қатысы барын жоққа шығарған. Алайда белсенділер келтірген дәлелдерден кейін қоқыс үйіндісін тазалау жұмыстары 2026 жылдың көктемінде жүргізілетінін мәлімдеген.

Қозғалыс өкілі Томирис Жантемированы айтуынша, мәселе тек бір реттік тазалаумен шектелмеуі тиіс.

Біз «АЯЗ» компаниясын жауапкершілік танытып, қалдықтарды жою тәсілін түбегейлі өзгертуге шақырамыз. Жол салу — игі іс, бірақ сол жолдың бойын ластауға ешкімнің құқығы жоқ. Экологияға құрмет — адамдарға құрмет. Таза Қостанай әрқайсымыздан басталады, — деді ол.

Белсенділер жағдай бақылауда болатынын және экологиялық талаптардың сақталуын талап ететінін мәлімдеді.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Руслан Өтепбай арнайы Тараз қаласына барып Құндыз бен Назгүлдің жағдайын біліп қай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен, деп...