Президенттің айтуынша, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды, деп хабар...
Қанат Бозымбаев Каспийде болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бүгін еліміз ауыр қайғыға ұшырады. Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаның салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Әлі табылмаған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Президент және бүкіл Қазақстан халқы сіздердің орны толмас қайғыларыңызға ортақ.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет менің жетекшілігіммен арнайы комиссия құрды. Осы жағдайға байланысты құзырлы органдар қылмыстық істер қозғады.
Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді.
Мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайды. Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына қомақты материалдық көмек беріліп, сондай-ақ барлық қажетті қолдау көрсетіледі.
Тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету жұмысын жеке бақылауымда ұстаймын.
Оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, 3 әскери құтқарылды, ал із-түзсіз жоғалған 2 қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Президенттің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Құзырлы органдар тиісті баптар бойынша қылмыстық іс қозғады.