Тоқаев тегін медициналық көмекке қатысты пікір білдірді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
156

Президенттің айтуынша, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінен ешқашан бас тартпайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өйткені бұл міндет Конституциямызда анық әрі тура жазылған.

"Бір сәт Тик-Токтан бас көтеріп, мұндай міндеттеме тағы қандай елдің Конституциясында бар екенін қарап көріңіздер", - дейді президент.

Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса, сізге жай ғана аспирин бере салмайды, учаскелік дәрігер қабылдап, тексереді, диагноз қояды.

Ақысыз медициналық көмекке жүгінушілердің саны жазғы демалыстан кейін күзде, қыста және ерте көктемде күрт артып, келесі демалыстарға дейін жалғасады.

Бір кездері мүгедектігі бар жандар 800 мыңнан асып кетті, ал халық саны – 20 млн. Бейбіт заманда бұған сену қиын.

Біз имидж үшін жұмыс істемей, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуды ойлауымыз керек.

Мемлекет шын мәнінде мұқтаж жандарға көмек қолын созуға міндетті. Сонда ғана әділдік салтанат құрады. Бұл жұмыстан осы аттас партия да тыс қалмайды деп сенемін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде үш Ұлттық ұлан қызметкерінің баланы қолынан ұстап алып бара жатқан видеосы тарады....