Мектеп оқушылары да «Болашақпен» шетелде оқи алады – Асхат Аймағамбетов

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1805

Депутат Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына сүйінші хабар айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz ұлттық порталына  сілтеме жасап.

Енді мектеп оқушылары да «Болашақ» бағдарламасымен шетелге барып білім ала алады. 

«Жетекші шетелдік университеттер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына бірден бакалавриатқа грант ұсынады, соның нәтижесінде олар шетелге кетіп қалады. Осы кезеңде біз тиісті қолдау ұсына алмадық, сондықтан біз жиі мұндай дарынды жастардан айырылып қалдық. Олар тек шетелде білім алып қоймай, кейін сол жақта қалып қоятын еді», – деді Аймағамбетов.

Мемлекет тарапынан грант бөлінеді. Бұл қадам оқушы үшін де, ел үшін де болашаққа нық басылған қадам болмақ.

«Енді «Болашақ» бағдарламасы ең дарынды оқушылар үшін бакалавриаттан бастап қолжетімді болады. Бұл – жас таланттарды қолдап, оларды елде ұстауға мүмкіндік беретін маңызды жаңашылдық. Олар әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, кейін елге оралып, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосады. Дарынды балаларды қолдау – олардың болашағына салынған инвестиция ғана емес, бұл Қазақстанның дамуына бағытталған стратегиялық қадам», - деп толықтырды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...