“Біз сіздермен біргеміз”. Димаш Құдайберген Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2476

Танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтауда болған ұшақ апатына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Димаш Құдайберген ұшақ апатынан зардап шеккендерге саулық тілеп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып желіде жазба жариялады. Сондай-ақ, әнші шұғыл көмек көрсетіп жатқан құтқарушылар мен дәрігерлерге алғыс айтқан. 

Кеше Ақтау маңында бауырлас Әзірбайжан мемлекетінің ұшағында қайғылы оқиға орын алды. Әзірбайжандық достарымыздың басына келген қайғылы оқиғаға көңіл айтамыз.

Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздермен біргеміз.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Құтқарушыларға, дәрігерлерге және осы қиын жағдайда қолдарынан келген қамқорлығын жасап жатқандарға мың алғыс. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...