"Қақпаның жанында ойнап жүрген еді": Түркістан облысында 3 жасар қыз жоғалып кетті

Фото: Түркістан облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
5511

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қызының көзден таса болғанын жеткізген, деп жазады madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір жоғалған бүлдіршінді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.

Полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Іздеушілер жақын маңдағы аумақтарды, қараусыз қалған ғимараттарды, канал жағалауларын және бүлдіршін бара алатын басқа да бағыттар бойынша жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Егер баланың жүрген жері туралы ақпарат білсеңіз, 102 жедел желісіне хабарласуыңызды сұраймыз", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...