Филармонияда «Жасай бер, қазақ елі» атты шығармашылық кеш өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3363

Филармония концерт залында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстан және Татарстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Усенбаеваның «Жасай бер, қазақ елі» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Бұл кеште тыңдармандарға ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Естай Мұқашев, Сүндет Байғожин, Медет Чотабаев, Алтынай Жорабаева, Арайлым Рақымқызы, Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздігі - Айбек Бекбосынов, Камералық хор, Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Гулмира Құттыбадамова және Симфониялық оркестр, Көркемдік жетешісі - Берік Батырхан, Бас дирижер - Ернар Нұртазин, халықаралық байқаулардың лауреаттары - Нұрбол Балапанов, Мұратбек Хайролда, Талғат Аллаберинов, Диана Май, Алтыншаш Мұқатаева, Айдын Жұмабай, Нұрқанат Тапиев, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Парасат Отан өнер көрсетті. 

Шығармашылық концертке келген көрермендер М. Тулебаев, Ыбырай, Ф.Оңғарсынова, Ш.Сариев, Б.Тәжібаев, М.Мақатаев, Н.Назарбаев, Қ.Бахтирқызы, Ұ.Есдәулет, Қ.Әбілов сынды қазақ ақын-композиторларының және әлемдік музыка өкілдеріГ.Шарпантье, Ф. Легар, Б.Херрман, Н.Бродски, И.Кальман, Д.Модуньо, Д.Вердидің  шығармаларына куә болды.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...