"Magnum Cash&Carry-ге бармаймын, ол жерден ешқандай зат сатып алмаймын!". Әлеуметтік желі қ...
Сұлтан Сәрсемалиев жөнінде жаңа деректер жарияланды: Қыз бен күйеу бала табылмай жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда болған резонансты қылмысқа байланысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиев жөнінде жаңа деректер жарияланды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Журналистің мәліметінше, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев тұйық өмір салтын ұстанған, жақын араласатын ортасы болмаған. Ол көршілерімен де қарым-қатынас орнатпай, көпшілік ортадан оқшау жүрген. Айтуынша, күдікті фотоға түспеуге тырысқан, тіпті оны танитын адамдардың өзінде де суреті сақталмаған.
"Қайдасың, Ақбаян? Атырауда ұшты-күйлі жоғалып, артынан өз үйінен мәйіттері табылған қылмысқа басты күдікті күйеу баласы болып тұр. Сұлтанның жасы 29-да. Ешкіммен араласпайды, досы жоқ, көршіге жабық, намазхан. Әйелі тек күйеуіне бағынады. Ақбаянды ауылдастары мүлдем танымайды, көршілері жүзін көрмеген. Күйеуі ешқашан фотоға түспеген, ешкімде суреті сақталмаған. Соңғы кезде әйелінің де әлеуметтік желідегі барлық аккаунттарын өшірткізген. Апта бұрын осы тақырыпты көтергенде осы өңірде адасып, соғыс ошағына баратындар көп деп жаздым. Болжамым алдамапты. Жіптің ұшы Индонезияның Бали аралына апарды. Сұлтанның ойында не барын, жоспары мен мақсатын құзырлы орган анықтар. Мен әйелі Ақбаянға жаным ашып, жүрегім ауырып тұр", – деп жазды Гүлмира Әбіқай.