Қақпашы Темірлан Анарбековтің арқасында «Қайрат» «Пафоспен» тең ойнады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
609

21 қазан күні Алматыдағы «Орталық» стадионда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші тур ойыны өтті. «Қайрат» Кипрдің «Пафос» командасын қабылдады. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Ойын бойы алаң иелері бастаманы өз қолында ұстап, бірнеше қауіпті сәттер жасады. Алайда қонақтардың қақпашысын ала алмай, гол соғу мүмкін болмады. Үшінші минутта-ақ «Пафос» ойыншысы Жоау Коррея Луиш Матаға қарсы дөрекі ойын көрсетіп, тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Сандық артықшылыққа қарамастан, «Қайрат» есеп аша алмады. Ойынның басты қаһарманы алматылық қақпашы Темірлан Анарбеков болды.

22 жастағы қақпашы үшін бұл Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчы болды. Ол бірнеше қауіпті шабуылдарды тойтарып, сенімді ойын көрсетті.

Чемпиондар лигасы. 3-тур

«Қайрат» (Қазақстан) – «Пафос» (Кипр) – 0:0

Бұған дейін «Қайрат» екі турда жеңіліске ұшыраған еді – «Спортингтен» 1:4, «Реалдан» 0:5 есебімен. Келесі кездесу 6 қарашада өтеді. Қарсылас – Италияның «Интер» командасы.