Алматы маңындағы жол апаты: 4 адам оқиға орнында көз жұмды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
254

Алматы облысының жолдарында тағы да қаралы жағдай. 5 желтоқсан күні болған ірі жол апатынан бір мезетте төрт адамның өмірі қиылды. Қайғылы оқиға Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы тас жолының 80-ші шақырымында орын алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жылдамдықты немесе рөлді басқара алмау себеп болуы мүмкін. Audi A6 маркалы көлігінің жүргізушісі күтпеген жерден қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Салдарынан қарсы бетте келе жатқан Nissan Cefiro көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, екі көліктің де жүргізушілері мен екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

Өкінішке қарай, қаза тапқандардан бөлек, жараланғандар да бар. Түрлі дене жарақатын алған тағы үш жолаушы шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Қазіргі таңда полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті. Тәртіп сақшылары оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының қатаң бақылауына алынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...