«Жиырма жылдың жүзі болды»: Қарақат Әбілдина жантебірентерлік жазба жариялады

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
382

Танымал әнші Қарақат Әбілдина марқұм әкесін еске алып, жазба жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Әнші әкесі арнап еске алу құрметіне дастархан жайып, өнердегі әріптестерін шақырды.

“Өмірдің көрген талай жол торабын,
Әке үшін кім аяйды қолда барын?!
Әкенің ақ тілегін өтеу — парыз,
Мен бүгін әкемді айтып толғанамын…” Әкем тірі болса, биыл тоқсанның төріне шығар еді. Тағдырдың жазуымен бақилық болғанына 20 жылдың жүзі болыпты…

Әке… Осы бір ауыз сөздің өзінде тұтас бір ғұмыр сыйып кетеді.
“Әке - асқар тау” дейді халық. Жанында жүргенде биігін сезе қоймайсың. Асқар таудың биіктігі алыстаған сайын асқақтай түседі екен. Қазір ортамызда болмаса да, әкеміздің қалдырған өшпес ізі, ісімен көрсеткен тәрбиесі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Кейде өз мінезімде, шешім қабылдарда, өнерге деген адалдықта, еңбекке деген табандылықта, Әке, сіз берген тәрбиені сеземін. Сіздей әкенің ұрпағы болғанымды мақтанышпен айта аламын.

Перзенттің әр қадамы әке мен шешенің үмітін ақтау ғой. Аллаға шүкір, көзі тірісінде үмітін ақтап, батасын алып үлгердік. Берген батаңыздың нұры әлі де жолымызды жарық қыла берсін. Бүгін әкемізді еске алып, Қыдекең екеуміз ақ дастарханымызды жайып, ауызашар бердік. Ауызашарға келген әр қонағымыз қол жайып, “Әумин!” деді. Алла разы болсын! Оқылған Құранымыз қабыл болсын! Жатқан жеріңіз жарық, жаныңыз жәннатта болсын, Жан Әке!", - деді Қарақат Әбілдина.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

РМК “Қазгидромет” синоптиктері 4 наурызда бірқатар өңірлерде тұман, жаңбыр, қар, көктайғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласының 7-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен егде жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хаб...